1 қыркүйек мерекесі әрқашан ұмытылмас, қуанышты және сонымен бірге қызықты болып қала береді. Бүгін 15 бірінші сынып оқушысы біздің мектептің табалдырығын аттады. Олардың орындауындағы өлеңдер, әндер ата-аналарды, мұғалімдерді, мектеп оқушыларын қуантты. Мектеп директоры Б.Т. Рамазанов, ата-аналар және болашақ түлектер мектептің барлық оқушыларына өз тілектерін білдірді. Барлық балаларды мерекелік безендірілген кабинеттер мен жаңа оқу жылындағы алғашқы сынып сағаттары күтіп тұрды.