MSI «INCOMPLETE SECONDARY SCHOOL №16» OF THE MSI «EDUCATION DEPARTMENT OF THE CITY OF PETROPAVLOVSK» OF THE MSI «DEPARTMENT OF EDUCATION OF THE REGION GOVERNMENT OF THE NORTH KAZAKHSTAN REGION»
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы нормативтік құжатына сәйкес
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының № 3 тармақшасына сәйкес мектеп педагогтері кемінде бес жылда бір рет аттестаттаудан өтуі қажет.
Біздің мектеп педагогтерінің біліктілік санаттары бойынша жиынтық кесте
Оқу жылы
Педагогтар саны
Педагог- модератор
Педагог- сарапшы
Педагог- зерттеуші
Жоғары категория
Бірінші категория
Екінші категория
Категориясыз
2019-2020
20
6
0
1
2
4
2
5
2020-2021
19
6
3
1
1
2
3
3
2021-2022
22
7
3
5
0
1
0
6
Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:
педагогтар үшін:
1) ҰКТ;
2) эссе;
3) біліктілік бағасы;
4) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары, басшының орынбасарлары және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың)әдіскерлері үшін:
1) біліктілік бағасы;
2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
3) аттестаттау комиссиясының отырысында қызмет нәтижелерін таныстыра отыра әңгімелесу (комиссияның өзін-өзі бағалауы мен бағалауы сәйкес келмеген кезде);
білім беру ұйымдарының және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың)басшылары үшін:
1) ҰКТ;
2) біліктілік бағасы;
3) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
4) аттестаттау комиссиясының отырысында қызмет нәтижелерін таныстыра отыра әңгімелесу (комиссияның өзін-өзі бағалауы мен бағалауы сәйкес келмеген кезде);