Асхат Аймағамбетовтың жазуынша, ең біріншісі және маңыздысы - ҰБТ форматы бұрынғыша қалады, яғни ешқандай өзгеріс болмайды. Тапсырылатын пәндердің саны бұрынғыдай - бесеу, тесттік тапсырмалардың саны - 120, максималды балл - 140. Абитуриенттің дәстүрлі түрде 3 негізгі пәннен білімі тексеріледі. Олар: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы. Қалған екі пән таңдаған мамандық бойынша болады.